366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияның абсолютті чемпионаты: қазақстандық каратэші үшінші орынға тұрақтады

  • 133
  • UPD: 21:47, 10.10.2018

Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі спортшылары құрлықтық додадан 3 алтын жеңіп алды.

Индонезияда Пара Азия ойындары жалғасып жатыр.

Бүгін жүзуден Сиязбек Далиев,  Ержан Сәлімгереев және Зүлфия Ғабидуллиналар әртүрлі қашықтық бойынша чемпион атанды. Бұдан бөлек ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен бір қолда медаль бар.

Велотректен Азия кубогы

Велотректен кезекті Азия кубогы жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды. Бұл жолғы байрақты бәсеке Тайланд елінде өткен болатын. Жерлестеріміз арасынан Даниил Пехотин жеңімпаз атанды. Ол жасөспірімдер арасындағы топтық сынға қатысқан болатын. Ал жекелей сында ел намысын қорғаған Сергей Кармажаков күміс жүлде иеленді. Айта кету керек, қос спортшы да Астанадағы велоспорттан  олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері. Дәл осы орталықтан шыққан қыздар да құралақан қайтқан жоқ. Топтық сында Жанерке Санақбаева екінші орын алса, Фаина Потапова үздік үштікті түйіндеді.

Жапонияның абсолютті чемпионаты   

Токио төрінде каратэден Жапонияның абсолютті чемпионаты аяқталды. Айта кету керек, киокушин шеберлері үшін бұл жылдың басты додасы болып есептеледі. Байрақты бәсекеге еліміз атынан қос спортшы қатысқан болатын. Қыздар арасында сынға түскен Аина Болат жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады. Ал ерлер арасында ел намысын қорғаған Нұрлыхан Садуақасов 4-орынды иеленді. Өкінішке қарай, үшінші орын үшін жекпе-жекте жерлесіміз жергілікті спортшыға жол берді. Есесіне Нұрлыханға «ең үздік техника иегері» деген арнайы сыйлық табысталды.

Олимпиадаға босқындар құрамасы қатысады

2020 жылғы олимпиадаға босқындар құрамасы қатысады. Бұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері Буэнос-Айресте өткен сессияда қабылдады. Комитет президенті Томас Бахтың айтуынша, команда сапында 50-ден аса адам өнер көрсетеді. Топ тізіміне ену үшін үміткердің спорттағы үздік көрсеткіштерімен қатар ресми босқын дәрежесі де болуы керек. Бұған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиадада босқындар командасы сайысқа түскен еді. Онда Сирия, Конго, Оңтүстік Судан мен Эфиопия елдерінің спортшылары жарысты. Алайда ешқайсысы жеңімпаз атана алмады.

Хабар 24 телеарнасы