360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аэробты гимнастика: Қазақстандық қыздар Әзербайжаннан жүлдемен оралды

  • 154
  • UPD: 09:03, 11.10.2018

Қазақстандық қыздар аэробты гимнастикадан Әзербайжанның ашық біріншілігінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елімізде жаңа дами бастаған спорт түрі болғанына қарамастан, жерлестеріміз жарыста жақсы нәтиже көрсетті. 

Бакуде өткен жарысқа Қазақстаннан 7 мен 17 жас аралығындағы 21 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 7-8 жастағы спортшыларымыз үздіктер қатарынан табылды. Бапкерлердің айтуынша, тақылеттес жарыстар спортшыларды шыңдап қана қоймай, мол тәжірибе жинауға мүмкіндік берген.

Юлия Демченко, бапкер:

– Қол жеткізген нәтижелері дайындық деңгейіне сай. Әрине әлде де дәрежемізді арттырумыз қажет. Себебі Қазақстан аэробты гимнастиканы жақында ғана дамыта бастады. Осыған дейін тек Ресейде ғана халықаралық жарысқа қатысып, қола жүлде ұтып алдық. Бұл біз үшін ең ірі жарыс болды.

Қазақстандық гимнаст қыздар үштіктер сайысында тек Ресей спортшыларына ғана есе жіберді. Бапкерлер келесі жылы өзге де халықаралық жарыстарға қатысуға ниетті.

Алуа Бектенова, гимнаст:

– Қазақстан құрамасының үштігімен екінші орын алдық. Болашақта көш бастауға тырысамыз. Алдымызға жаңа мақсат қойып, деңгеймізді арттыруға бар күш жігерімізді саламыз.

Наталья Сыздыкова, бапкер:

– Балаларымыз осы спортпен небәрі бір жыл айналысты. Сондықтан Бакудегі бұл нәтижелеріміз бізді қуантқаны анық. Бүкіл мүмкіндіктерді қолданып, осы кездегі дайындығын көрсетті. Біз ризамыз.

Келесі жылы аэробты гимнастикадан Қазақстан біріншілігі өтеді. Оның нәтижесі бойынша елдің құрама командасы жасақталып, Чехиядағы жарысқа және Азия біріншілігіне қатысады. Спортшыларымыздың жетістіктері осы спорт түрін елімізде барынша дамытуға негіз болмақ. 

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы