360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин WBC рейтингісінде бірінші орынға шықты

  • 374
  • UPD: 11:09, 11.10.2018
Головкин WBC рейтингісінде бірінші орынға шықты © fightnews.info

Бүкіләлемдік бокс кеңесі рейтингісін жаңартты.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) қазандағы рейтингісінде бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімде Головкиннен кейін британиялық Мартин Мюррей тұр. Үшінші орында канадалық Давид Лемье.

Бұл ұйымның орта салмақтағы чемпиондық белбеуі мексикалық Сауль «Канело» Альваресте. Ал оған міндетті қарсылас америкалық Джермалл Чарло.

WBC толық рейтингімен мына жерде таныса аласыз. 

Хабар 24 телеарнасы