365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин бокстан кете ме?

  • 520
  • UPD: 12:10, 11.10.2018
Головкин бокстан кете ме? sport.inform.kz

BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жақын арада мансабын аяқтауы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды prosports.kz.

«Жақында өз сұқбатында Головкин бокстан кетуі мүмкін екенін тұспалдап, отбасымен бірге көбірек уақыт өткізгісі келетінін айтқан болатын. Ол Альвареспен жұдырықтасқысы келеді, бірақ бұл жекпе-жекті өте ұзақ күтіп қалуы мүмкін», - деп жазды басылым.

Сайттың мәлімдеуінше, Головкин үшін ең дұрыс шешім Жапонияда Риота Муратамен жұдырықтасу. Бұл кездесу қазақстандық боксшыға жақсы сыйақы алып кетуі әбден мүмкін.

Естеріңізге салсақ, қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альварестен ұпай айырмашылығымен жеңілген болатын. Екі боксшы да енді реванш өткізуге қарсы емес.

Хабар 24 телеарнасы