360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Диана Назарова жүзуден үздік сегіздікке кірді

  • 320
  • UPD: 13:56, 12.10.2018
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Диана Назарова жүзуден үздік сегіздікке кірді prosports.kz

Қазақстандық Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзуде үздік сегіздікке енді, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы жасөспірімдер Олимпиадасындағы көрсеткішіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Шынымды айтсам, нәтижені көргенде, өз көзіме өзім сенбедім. Әрине, алғашқы сегіздікке кіремін деген жоспар болған. Бірақ кешегі жағдайдан соң аздап сенім кете бастады. Қазіргі сәтім де керемет дей алмаймын. Десе де, финалда өнер көрсеттім. Қобалжып кеткен шығармын... Барлығы біз ойлағандай жақсы болмаса да, ақтық сынға өткеніме қуаныштымын. Ертең бізде эстафета. Міндетті түрде финалға өтуге тырысамыз», - дейді Диана.

Диана Назарованың көрсеткіші – 29.55. Бұл сында алтын жүлде австралиялық Кайли Маккиуонның (28.28) еншісінде кетті. Күміс және қола жүлдені Ресей мен Франция спортшылары иеленді.

Хабар 24 телеарнасы