366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалық қойма меңгерушісі гір көтеруден әлем чемпионы атанды

  • 336
  • UPD: 15:18, 12.10.2018
Ақмолалық қойма меңгерушісі гір көтеруден әлем чемпионы атанды giri-narodu.ru

Ақмола облысындағы шаруа қожалығында жұмыс істейтін Меруерт Сүлейменова гір көтеруден Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Бұл туралы prosports.kz хабарлайды.

Байрақты жарыс Латвияның Даугавпилс қаласында өтіп жатыр. Жарыста әлемнің 35 елінен жиналған 400 спортшы ересектер, жастар U-22 және ардагерлер санаты бойынша күш сынасуда.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысы атынан қатысқан 21 жастағы Меруерт Сүлейменова 63 келі салмақтағылар арасында 24 келі гір тасын көтеріп, әлем чемпионы атанды. Мерует Астрахан ауданындағы Жарсуат ауылындағы шаруа қожалығында қойма меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы