365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттар лигасы: Қазақстан – Латвия текетіресі күтіп тұр

  • 118
  • UPD: 22:02, 13.10.2018

Бүгін Қазақстан құрамасының футболшылары Ұлттар лигасы аясында Латвиямен кездеседі.

Қос команда кеше түнде Рига қаласындағы стадионда соңғы дайындықтарын пысықтап, ашық жаттығу өткізді. Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы екі ойында небәрі бір ұпай жинады. Латвияның да жағдайы мәз емес. Сондықтан алаң иелері де жеңіске жетуге ұмтылады. Ригадағы матч алдында ұлттық командалардың бас бапкерлері мен ойыншылар тілшілер сауалына жауап берді. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский: «жеңіске жету үшін бар жігерімізді жұмсаймыз», – дейді. Дайындық барысын бас бапкердің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов те тілге тиек етті. Ригадағы Латвия – Қазақстан кездесуі бүгін 22:00-де басталады.

Қайрат Нұрдәулетов, Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі:

- Жігіттердің бәрі бұл ойында көп нәрсе шешілетінін түсінеді. Сондықтан сөйлесіп көрдік бәрімен. Жігіттердің бәрі түсіністікпен қарайды. Сондықтан жеңіске деген үмітіміз зор.

Ян Вороговский, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы: 

- Турнир кестесіндегі біздің жағдай көңілімізден шықпайды. Сондықтан осы жолы жеңіс үшін шын күресеміз. Мақсатымыз –топтан шығу арқылы ел намысын қорғау. Латвия ойыншылары осал емес, алайда біз де барымызды саламыз.

Хабар 24 телеарнасы