366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда шахматтан халықаралық турнир өтті

  • 109
Алматыда шахматтан халықаралық турнир өтті

Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына орай шахматтан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жарысқа 6 жастағы баладан бастап 60-ты алқымдап қалған ардагерлер де қатысты. Еліміздің бірнеше облысынан және Үндістан мен Ресейден келген 60 үміткер швейцариялық жүйе бойынша сынға түскен болатын. Блиц шахматты жете меңгерген Ален Рахымжан алдына жан салған жоқ. Екінші орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің намысын қорғаған Бақытжан Кембаевқа бұйырды. Қола жүлдені алматылық Георгий Тарлавин еншіледі. Үздік бестіктен орын алған Анель Мұратованың болашағынан да мамандар зор үміт күтеді. Осы жарыста топ жарған спортшыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Дамир Шыныбеков, халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетінің ректоры, жарыс ұйымдастырушысы:

– Ашылу салтанатына арнайы Жансая Әбдімәлік қатысты. Турнирді жыл сайын өтізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы