365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каное: Эльнұра Нұрланова үздік төрттікке енді

  • 250
Каное: Эльнұра Нұрланова үздік төрттікке енді olympic.kz

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық Эльнұра Нұрланова жүлдеге қол созым жерден тоқтады.

Ол қола медаль үшін өткен жарыста мексикалық спортшыдан ұтылды, деп хабарлайды Olympic.kz. Үшінші орынға таласта біздің спортшымыз Мексика өкілі Стефания Родригеспен жарысып, қарыласынан 6 секундқа қалып қойды. Осылайша, Эльнұра жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы төрттіке еніп отыр.

Еске сала кетейік, Нұрланова ширек финалда Иран өкілі Нирвана Асадбекимен жарысып, жеңіске жеткен болатын. Финал жолдамасы сарапқа салынған бәсекеде Эльнұра өзбек спортшысынан ұтылды. 

Өзбекстандық Г. Файзиеваның нәтижесі – 2:10.62. Эльнұра Нұрланованың уақыт көрсеткіші – 2:22.61. 

Хабар 24 телеарнасы