365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тьерри Анри «Монако» футбол клубының тізгінін ұстады

  • 95
  • UPD: 15:11, 14.10.2018
Тьерри Анри «Монако» футбол клубының тізгінін ұстады vesti.kz

Франция ұлттық құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы атанған танымал футболшы Тьерри Анри «Монако» футбол клубының бас  жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Команда мен жаттықтырушы 2021 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Анри осыған дейін команданы жаттықтырып келген португалдық маман Леонарду Жардимді алмастырды. «Монако» соңғы 10 ойында жеңіске жетпеген еді.

«Монако» футбол клубы қазіргі таңда Франция чемпионатында 18-орында (20 команда ішінде) келеді. 9 турдан бар болғаны 6 ұпай ғана жинады. Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңдегі 2 ойында да ұтылды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы