388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Светлана Пащенко Аргентинада велоспорттан алтын медаль жеңіп алды

  • 1013
  • UPD: 23:39, 14.10.2018
Светлана Пащенко Аргентинада велоспорттан алтын медаль жеңіп алды

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында велоспорт додасы жалғасуда. Топтық жарыста қазақстандық Светлана Пащенко мәреге бірінші болып келді.

Олимпиада ойындарында велоспортшылар кешенді түрде жарысуда. Бүгін қыздар арасында 63.9 шақырымға созылған топтық жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл сында сәтті өнер көрсетіп, Светлана Пащенко 1:41.20 уақыт көрсеткішімен топ жарды. Тағы бір спортшымыз Марина Курносова жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы