388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 Summer Youth Olympics: Қазақстандық үш боксшы финалға шықты

  • 1301
2018 Summer Youth Olympics: Қазақстандық үш боксшы финалға шықты Сали Сабыров

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Буэнос-Айресте өтіп жатқан жастар арасындағы 2018 жылғы Олимпиаданың финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келіге дейін салмақта өткен жартылай финалда Оралбай төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен пуэрто-риколық боксшы Алвин Каналесті жеңді. 

Айта кетейік, 18 жастағы Оралбай биыл жастар арасында Азия чемпионы атанған, әл Әлем чемпионатының финалына дейін жеткен. 

Мұның алдында, жастар арасындағы Олимпиаданың финалына қазақстандық аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Дамир Тойбай және қарсыласын нокаутқа түсірген Талғат Шәйкен де шықты. Ал 75 келіге дейін жұдырықтасатын Надежда Рябец қола жүлде үшін күш сынайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы