382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің велоспорттан ерлер командасы Буэнос-Айресте алтын медаль жеңіп алды

  • 1210
  • UPD: 23:53, 17.10.2018
Еліміздің велоспорттан ерлер командасы Буэнос-Айресте алтын медаль жеңіп алды blogspot.com

Велоспорттан Қазақстан ерлер командасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

Глеб Брусенский мен Евгений Федоров бес кезеңге созылған кешенді жарыста көш тізгінін ешкімге берген жоқ. 

Маунтинбайктен өткен критериум жарысында Глеб Брусенский екінші орын иеленіп, команда қоржынына 80 ұпай салды.

Евгений Федоров та ұпайсыз қалған жоқ. Ол алтыншы орыннан көрініп, 30 ұпайға қол жеткізді. 

Осылайша Қазақстан командасы жалпы есепте 418 ұпай жинап, алтын медаль иегері атанды. Күміс жүлдегер атанған Люксембург құрамасында 276, қола жүлде иеленген Ұлыбританияда 253 ұпай бар.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы