384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Азия чемпионатында топ жарды

  • 814
  • UPD: 11:21, 18.10.2018
Әйгерім Сарыбай семсерлесуден Азия чемпионатында топ жарды

Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Саблядан әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әйгерім Сарыбай чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз Айбике Хабибуллина күміс медаль иеленді.

Еске сала кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы