388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық аралас жекпе-жекке қатысты дауға нүкте қойылмады

  • 1266
  • UPD: 20:51, 18.10.2018

Еліміздегі аралас жекпе-жекке қатысты дау-дамай қайта жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы ММА федерациясына қарсы панкратион және грэплинг қауымдастығының басшылары өз көзқарастарын білдірді. Өткен аптада Қазақстанның ММА федерациясы екінші тарап заңды белден басып, әлем чемпионатына өз жігіттерін апарғалы жатыр деп мәлімдеген болатын. Енді міне, сол айыпталған қауымдастықтың басшылары жиналып, халықаралық жарысқа қатысуға құқылымыз деді. Айдар Махметов бастаған белсенді жігіттер қатарларына өзге промоушнның да азаматтарын қосыпты. Ондағы мақсат – Қазақстандағы аралас жекпе-жекті бірігіп, бір тудың астында дамыту.

 

2018 Summer Youth Olympics: Отандастар екі алтын еншіледі

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды. 91 келіде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз финалда алжирлік Мұхаммед Амин Хасидті жеңді. Сонымен қатар велоспорттан Глеб Брусенский мен Евгений Федоров командалық жарыста топ жарды.

Хабар 24 телеарнасы