388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Талғат Шайкен Буэнос-Айресте күміс медаль жеңіп алды

  • 1478
  • UPD: 07:15, 19.10.2018
Боксшы Талғат Шайкен Буэнос-Айресте күміс медаль жеңіп алды

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері аяқталды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат финалда ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек барысында біздің спортшының басымдығы айқын білінгенімен, төрешілер жеңісті Поповқа берді.

Есеп - 4:1. 

Еске сала кетейік, Олимпиадаға аттанған үш қазақ боксшысы да жүлдеге ілікті. Айбек Оралбай Олимпиада чемпионы атанса, Талғат Шайкен мен Дамир Тойбайдың еншісінде күміс медаль бар.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы