389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каратеші Әбілмансұр Батырғали Буэнос-Айресте қола медаль жеңіп алды

  • 1619
  • UPD: 07:44, 19.10.2018
Каратеші Әбілмансұр Батырғали Буэнос-Айресте қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық каратеші Әбілмансұр Батырғали 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. 

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жартылай финалда бельгиялық Квенти Махауденнен жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Әбілмансұр Олимпиададағы алғашқы кездесуінде аргентиналық Хуан Мартинес Салсенчті, кейін жапондық Котаро Накамураны жеңген болатын. 

Марокколық Ясин Секуримен өткен жекпе-жекте қарсыластар тең түсіп, екі спортшы да жартылай финалға жолдама алғанын естеріңізге саламыз.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы