386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықты нокаутпен жеңген Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді

  • 929
  • UPD: 14:14, 22.10.2018
Америкалықты нокаутпен жеңген Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді Данияр Елеусинов. Фото: twitter.com/MatchroomBoxing

Жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында 39-сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусінов Бостондағы бокс жекпе-жегінде жұдырықтасты. Бұл кештің басты оқиғасы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (17-0, 16 КО) орта салмақта WBO белбеуі үшін күш сынасқан.

Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Мэтт Догерти (8-6-1, 4 КО) болды. Жекпе-жек алты раундқа есептелген еді, алайда, алғашқысында аяқталды.

Техникалық нокаутпен жеңген Елеусінов BoxRec рейтингінде 224-ші орынға көтерілді.

27 жастағы Елеусінов осымен АҚШ-та екінші рет жұдырықтасып отыр, тағы екі жекпе-жегі Ұлыбританияда өткен. Ал 30 жастағы Догерти алтыншы рет жеңілді, оның сегіз жеңісі (төртеуі нокаутпен) және бір рет тең түскен кездесуі бар.

Елеусінов келесі жекпе-жегін 30 қараша Монте-Карлода өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы