383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Златан Ибрагимович «Реалға» ауысуы мүмкін

  • 564
  • UPD: 22:33, 22.10.2018
Златан Ибрагимович «Реалға» ауысуы мүмкін

Америкалық «Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін.

Бұл туралы Cadena COPE исландиялық радиостанциясы хабарлап отыр. 

Ақпарат көзінің мәліметінше, «Реал» футболшыны сапына алу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Швециялық шабуылшы қаңтарда ауысуы мүмкін. 

37 жастағы Ибрагимович наурызда «Гэлаксиге» ауысқан. Ол MLS-тегі 26 матчта 22 гол соқты. Еуропада футболшы англиялық «Манчестер Юнайтед», франциялық ПСЖ, испаниялық «Барселона», италиялық «Милан», «Интер» және «Ювентус», голландиялық «Аякс» және өз елінің «Мальме» сапында ойнаған. 

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы