384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» бесінші жеңісіне қол жеткізді

  • 343
  • UPD: 20:17, 28.10.2018
ҚХЛ: «Барыс» бесінші жеңісіне қол жеткізді sports.kz

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барысы» Новосібірдің  «Сибирь» клубын 5:2 есебімен жеңді. 

Ойынның алғашқы кезеңі айдын иелерінің басымдығымен өтіп, Брэндон Боченски пен Патрис Кормье бір-бірден шайба соқты. Үзілістен соң қарқындарын үдеткен қонақтар Александр Шаров пен Глеб Зыряновтың арқасында таразы басын теңестіргенімен, Роман Старченко мен Кёртис Волк қайта елорда клубын алға шығарды. «Сибирь» жігіттері қанша тырысып бақса да, керек нәтижеге қол жеткізе алмады. Есесіне вернули Даррен Диц мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды – 5:2. Қатарынан бесінші жеңіс қалтада.
енді «Барыс» 30 қазанда Владивостоктың «Адмиралын» қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы