387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илья Ильин: Әлем чемпионатына қатыспаймын

  • 657
  • UPD: 13:58, 29.10.2018
SportX KZ

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ауыр атлетикадан Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатыспайды.

Мұндай шешім денсаулық жағдайына байланысты. 

– Әлем чемпионатына қатыспайтынымды Қазақстан халқына қалай айтуды ұзақ ойландым, Ақыры осы жерде айтуды ұйғардым. Әлем чемпионатына омыртқамда жарақат табылғандықтан қатыспаймын. Айтарлықтай ауыр жарақат. Спорттағы карьерам белгісіз.  Бірақ ұнжырғам түспейді, бәрі дұрыс. Ашхабадқа бапкер ретінде барамын. Нижат Рахимовпен бір жыл бірге жұмыс істедік. Бапкерлерге, өзімнің командаларыма көмектесем. Бір сөзбен айтқанда, әлем чемпионатына ойындағы бапкер ретінде барамын, - дейді Ильин SportX.kz сайтына берген сұхбатында. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы