375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ВТБ лигасы: «Астана» қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізді

  • 532
  • UPD: 07:32, 30.10.2018
ВТБ лигасы: «Астана» қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізді Kapital.kz

ВТБ лигасы аясында Зелена-Гурада (Польше) жергілікті «Стелмет Зелена Гура» мен «Астана» арасында кездесу өтті.  

Ойын қазақстандықтардың басымдығымен аяқталды – 91:82 (23:14, 20:21, 26:18, 22:29). Ең нәтижелі өнер көрсеткен ойыншы – астаналық Джей О’Брайен – 23 ұпай.

Осылайша елорда клубы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін «Астана» Беларусьтің «Цмоки-Минск» (93:86), Санкт-Петербургтің «Зенит» (93:91) клубтарынан басым түскен.

Төрт матчтан соң елордалықтардың еншісінде үш жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал ВТБ лигасында 5-орында келеді.

Келесі ойынын «Астана» 5 қарашада өз алаңында өткізеді. Қарсылас – «Химки», деп жазады sports.kz. 

Хабар 24 телеарнасы