386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зинедин Зидан «Реал Мадридке» қайтып келуі мүмкін

  • 394
Зинедин Зидан «Реал Мадридке» қайтып келуі мүмкін Чемпионат

«Реал Мадридтің» бас бапкері Хулен Лопетеги «Барселонадан» (1:5) ірі есеппен жеңілген соң қызметтен қуылған еді, деп жазады prosports.kz.

Испаниялық маманның сәтсіздігінен кейін команда басшылары жаңа бапкер іздей бастады. Осыған дейін ақпарат құралдары бұл қызметке италиялық бапкер Антонио Конте келуі мүмкін екенін жазған.

Алайда кейбір деректе «Реал» ойыншылары бұл маманның команда тізгінін қолға алуын қаламайтыны айтылуда. Футболшылар бұрынғы бапкер Зинедин Зиданның қайта оралғанын қалайтын көрінеді.

Бәріміз білетіндей, Зидан жаттықтырған уақытта «Реал Мадрид» үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы