382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық бала Неймармен футбол ойнады

  • 502
  • UPD: 08:33, 01.11.2018
Қазақстандық бала Неймармен футбол ойнады prosports.kz

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков «ПСЖ» командасының атақты футболшыларымен кездесу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарық дүние есігін екі аяқсыз ашса да, Әли өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Ол футболмен айналысқанды жақсы көреді. Осы жолы Неймар, Кавани, Мбаппе қатарлы жұлдыз ойыншылармен жолықты.

Жас Әли өзінің қуанышты көңіл-күйін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

– Достар, бұл өте керемет сәт болды! Құдіреті күшті Құдайға ризамын! Бұл менің орындалмас арманым секілді еді, мен ғана емес көптеген жанның да арманы екеніне сенімдімін. Міне, менің осы сәтке қолым жетіп отыр. Дұғалар маған көмектесті деп есептеймін!, – деді.

 

Хабар 24 телеарнасы