386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада каратэ-до кекушинкайдан әлем чемпионаты өтіп жатыр

  • 505
  • UPD: 19:36, 04.11.2018

Халықаралық жарыста ерлер мен қатар әйелдер сондай-ақ жасөспірімдер бақ сынауда.

Дүбірлі додаға әлемнің 28 елінен 700-ден астам спортшы келген.

Елорда тұрғыны Жанар Тәуекелова медицина саласында 7 жыл қызмет еткен. Алайда спортқа деген қызығушылық өмірін түбегейлі өзгертті. Енді міне 10 жыл бойы каратэ-до кекушинкаймен айналысып келеді. Оның әрбір күні жаттығу залында өтеді. Қара белдік иесі атанған спорт шебері жас өрендерді де дайындайды. Осыған дейін Азия және Еуропа чемпионаттарында жүлделі орынға ие болған жерлесіміз, бүгінгі додада бірінші орын алуға ниетті.

Жанар Тәуекелова, каратэ-до кекушинкайдан спорт шебері:

- Польшадан ең мықты бәсекелестер, сосын Қазақстан. 65 салмағынан жоғары әйелдер арасында. Толығымен бір-екі жылдай дайындық жүріп жатыр. Тек қана мында ең мықты дайындалған адамдар қатысады. Қазақстанның туын көтеруге тырысамыз әрине.

Дүбірлі додаға бақ сынауға келген ерлер мен нәзік жандылардың қатары 300-ден асады. Сондай-ақ 450-ден астам жасөспірім бар. Олардың мақсаты бар шеберлігін көрсетіп, жүлделі орыннан көріну.

Мұхтар Жолдасов, ҚР каратэ-до кекушинкай федерациясының президенті:

- Осы чемпионатқа 28 елден келген. Ол Жапония, Болгария, Польша, Испания, СНГ елдерінен қатысып жатқан. Каратэ кекушинкай Қазақстанда өте биік деңгейде. Әлем чемпионаттарының призері болып жүрген адамдар.

Бүгінгі әлем чемпионатында оқ бойы озып шыққан спортшылар диплом және медальдармен марапатталады. Ал келесі әлем чемпионаты 2020 жылы Польшада өтеді.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы