387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде таеквондодан халықаралық турнир өтті

  • 461
  • UPD: 13:59, 05.11.2018
Семейде таеквондодан халықаралық турнир өтті Қазақпарат

Семейде таеквондоның ITF түрі бойынша халықаралық турнир және Семей кубогы жолындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Оған Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты елдерден барлығы 500-ге жуық спортшы қатысты. Дәстүрлі жарыс биыл 20-рет ұйымдастырылып отыр. 8 жастан бастап қатысқан таеквондошылар әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Командалық есепте семейліктер алға шықты. Екінші және үшінші орындарды Алматы мен қарағандылық таеквондошылар бөлісті. Топжарғандар мақтау қағаздарымен және арнайы төсбелгілермен марапатталды. Жеңімпаздар желтоқсан айында Минск қаласында өтетін әлем кубогында қазақ елінің намысын қорғайтын болады.

Махаббат Советхан, ШҚО таеквондо федерациясының президенті (ITF):

- Елбасымыз айтқан сөзіндей, спортты көтеріп, спортшы балаларымыз тегін дайындалады. Шығыс Қазақстанның әр ауылында таеквондо ашып жатырмыз. Семейден мықты балалар шығып жатыр. Әлем чемпионатына, Азияға барып отыр, Әлем кубогына қатысып отыр.

Хабар 24 телеарнасы