389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Тен туып өскен үйге ескерткіш тақта орнатылады

  • 634
  • UPD: 14:35, 06.11.2018
Денис Тен туып өскен үйге ескерткіш тақта орнатылады

7 қараша күні сағат 11:00-де аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туып, өскен үйінде мемориалдық тақта орнатылады (Назарбаев көшесі, 46).

Сонымен бірге «Денис Тен Қорының» ресми тұсаукесері өтеді (Halyk Arena).

Бұл маңызды оқиғаларға мәнерлеп сырғанаудан  кеңестік және ресейлік атақты бапкер, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еңбек сіңірген өнер қайраткері Татьяна Анатольевна Тарасова арнайы алғаш рет Қазақстанға келеді.

Денис әрдайым жарқын жұлдыз, адамгершілігі мол, қарапайымдылығымен жастарға үлгі болып, бүкіл әлем таңданып, таң қалдыратын керемет талант болды.

Аңызға айналған жаттықтырушының Денис Тенді еске алу іс-шараларына қатысуы «Мұз Ханзадасы» туралы естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүретіндігінің белгісі болмақ.

Ақпараттық-спорттық хаб

Хабар 24 телеарнасы