375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Қазақстан премьер-лигасы өз мәресіне жетті

  • 873
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы өз мәресіне жетті

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталды.

Соңғы 33-турда төменгі лигаға түсіп қалған екінші команда анықталды. «Қызылжар» Қостанайда «Тобылдан» 0:3 есебімен ұтылып қалды. Петропавл командасы келесі жылы «Ақжайықпен» бірге бірінші лигада ойнайды. Ал «Ордабасы» төртінші орынға жайғасты. Ел чемпионы «Астана» «Ертісті» қабылдап, қонақтар қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алаң иелері сапынан Марин Томасов белсеніп, Павлодар командасының қақпасын үш мәрте дәл көздеді. Рангело Янга да мергендік танытты. 4:0 есебімен жеңіске жеткен «Астана» 77 ұпаймен жекедара топ жарды. 35 ұпайы бар «Ертіс» 10-орында қалып қойды. Енді павлодарлық футболшылар премьер-лигада қалу үшін бірінші лиганың қола жүлдегері «Қыранмен» кездеседі. Алғашқы кездесу 16-қарашада өтеді.

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкері міндетін атқарушы:

– Бүгінгі ойын біз үшін ешқандай маңызы болмаса да, жігіттер аянып қалмады. Олар алаңда өз міндеттерін атқарып, жеңіске ұмтылды. Чемпиондық атаққа клубтағы барлық қызметкер өз үлесін қосты. Енді ойыншылардың тең жартысы ұлттық құрамаларына кетеді. Команда толық құрамда тек 23 қарашада жиналады. Еуропа лигасындағы ең маңызды ойынға дейін бір жолдастық кездесу өткіземіз. «Динамоға» қарсы матчта плей-офф мәселесін шешуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы