378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналықтар самбодан әлем чемпионатының жүлдегерлерін күтіп алды

  • 535
  • UPD: 16:45, 13.11.2018
Астаналықтар самбодан әлем чемпионатының жүлдегерлерін күтіп алды elorda.info

Румынияның Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайысқа 80-нен астам елдің спортшылары қатысты. Дүбірлі додада ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алды.

Байрақты бәсекеде 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесуде жерлесіміз Нұрбол Серіков қарсылас шақ келтірмей, финалдық кездесуде әзірбайжандық Эмиль Гасановты жеңіп, алтынан алқа тақты. Тағы бір алтын жүлденің иегері - Темірлан Ихсанғалиев. 82 келі салмақта сынға түскен Темірлан бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды.

Өз кезегінде Нұркелді Қиялбеков жартылай финалда жарақат алып, ақтық белдесуге шыға алмады. 68 келіде белдескен балуанымыз күмісті қанағат етті. Нұркен Домбаев (52 келі), Серікжан Түсіпов (58 келі) және қыздар арасында Гүлнұр Ерболова (52 келі) боз кілем төріне шығып, әлем чемпионатының қола жүлде иегерлері атанды.

Хабар 24 телеарнасы