384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шарипова-Вальстрем жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

  • 490
  • UPD: 22:18, 13.11.2018

IBO белдігінің иегері, отандасымыз Фируза Шарипова мен WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстремнің жекпе-жегі «Хабар» арнасында көрсетіледі.

Көптен күткен кездесу 22 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі «Сибур Аренада» өтеді. Тікелей трансляция Астана уақытымен 23:00-де басталады. Жекпе-жекте орта салмақтағы екі белбеу бәске тігілген. Оның бірі Фирузаға екіншісі Еваға тиесілі. Қай жеңгені екеуін де беліне байлайды. Фируза Шарипованың промоутері Сергей Завилейскийдің айтуынша, қазір спортшы бабында. Бағы жанса, жеңіс тұғырынан көрінуге мүмкіндігі мол.

Фируза Шарипова, бокстан әлем чемпионы:

- Қарсыласымды көптен бері бақылап, осал тұстары мен қауіпті жақтарын зерттедім. Соған қарсы қолданатын әдіс-тәсілдерге жаттығу жасап, дайындалып жатырмыз. Ол өте тәжірибелі спортшы, менің жекпе-жектерімді қарап, дайындалды деп ойлайымын. Сондықтан бұл кәсіпқой бокстағы менің ең ауыр кездесуім болуы да мүмкін. Дегенмен, осы күнге дейін жасаған жаттығуларым өз нәтижесін беріп, жеңіс тұғырынан көрінемін деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы