389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы кезеңін жеңіспен бастады

  • 777
  • UPD: 07:18, 15.11.2018
«Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы кезеңін жеңіспен бастады

Алматылық «Қайрат» футзал клубы бүгін UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі аясындағы жорығын бастады.

Қазақстан чемпионы әрі UEFA Кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайрат» чехиялық «Хрудим», италиялық «Пескара» және беларусьтік «Лидамен» бірге «D» тобында орналасқан. 

Барлық матчтар 14-18 қараша аралығында чехиялық «Хрудимнің» алаңында өтеді.

«Қайрат» алғашқы матчын италиялық «Пескара» командасына қарсы өткізді. Бұл ойында Кака шәкірттері 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

«Қайрат» - «Пескара» 4:1 (1:1)

Гол соққандар: Бертони 0:08 (0:1), Тайеби 18:24 (1:1), Оразов 29:05 (2:1), Игита 36:26 (3:1), Оразов 38:14 (4:1)

Естеріңізде болса, Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түскен. Косовада өткен үш ойында да жеңіске жеткен алматылықтар 9 ұпай жинап, элиталық кезеңге жолдама алған болатын. 

«Қайраттың» элиталық кезеңдегі жарыс кестесі:

«D» тобы

14 қараша

22:30 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Пескара» (Италия) - 4:1 

15 қараша

21:00 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Лидсельмаш» (Беларусь) 

17 қараша

23:00 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Хрудим» (Чехия)

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы