385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илья Ильин Грозныйдағы сайысқа киген формасын аукционда сатады

  • 613
  • UPD: 18:41, 16.11.2018

Елімізде жыл сайын қысқы қайырымдылық балы өтеді. Аутизм дертіне шалдыққан балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын игі шара биыл да жалғасын табады.

Ұйымдастырушылар «әр бала мектепке баруға лайық» және «жол жүру гранттары» бағдарламасы бойынша бірнеше ауқымды жобаны қолға алыпты. Осы жұмыстың басы-қасында жүргендер тілшілерге өз жоспарларын жариялады. Мысалы, ауыр атлет Илья Ильин үш жыл бұрын Грозный қаласындағы халықаралық турнирде әлем рекордын жаңартқан спорттық киімін аукционға қойды. Түскен қаржы қорға аударылады.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан әлем чемпионы:

- Қайырымдылық мақсаттағы аукционға «не берсем екен» деп ойландым. Жас кезімдегі медаль көп еді. Бірақ сайыстарға киген формамды бергенім дұрыс деп шештім. Бұл менің жауынгерлік киімім десем болады. Бұл спорттық форманы 2015 жылы Грозный қаласындағы жарыста кидім. Біздің спорттық киімдеріміз арнайы тапсырыспен тігіледі және бір данадан ғана шығады. Сондықтан бұл маған ыстық. Себебі әр жарыс мен үшін жеке тарих. Ал осы формалар арқылы біздің жетістіктер тарихта жазылады.

Хабар 24 телеарнасы