389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дина Жоламан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

  • 420
  • UPD: 23:46, 16.11.2018
Дина Жоламан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Үндістанда әйелдер боксынан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі жалғасуда. Әзірге үш қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.

Бұл жарысты 1/16 айналымнан бастаған Дина Жоламан (54 келі) жапондық Хирута Мизукиді жеңді.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Динаға беріп, қазақстандық боксшы 1/8 кезеңге жолдама алды. 

Ал таяуда Жайна Шекербекова (51 келі) мен Назым Ищанова (57 келі) алғашқы қарсыластарынан басым түскен еді. 

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы