384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» «Салават Юлаевтан» ұтылды

  • 394
  • UPD: 23:16, 18.11.2018
«Барыс» «Салават Юлаевтан» ұтылды Sputnik Казахстан

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үш кездесуде ұтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Салават Юлаевты» қабылдаған елорда хоккейшілері 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Алғашқы кезеңде қарсыластар қақпа кілтін таба алмады. 26-минутта Теему Хартикайнен Башқұртстан командасын алға шығарды. Араға он минут салып Павел Коледов нәтижені еселей түсті. Соңғы кезеңде Артем Сергеев үшінші шайбаның авторы атанып, матчқа нүкте қойды.

Айта кетейік, бұл ойында жарақатына байланысты «Барыс» командасының капитаны Боченски мен қорғаушы Джесси Блэкер, шабуылшылар Мэтт Фрэттин мен Андре Петерссон ойнаған жоқ. 40 ұпайы бар астаналықтар Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.

«Барыс» келесі үш кездесуін сыртта өткізеді. 23 қарашада Финляндияның «Йокерит» командасына қонаққа барады.

Хабар 24 телеарнасы