386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің футбол құрамасы Грузиямен кездесуге дайындығын пысықтады

  • 407
  • UPD: 18:18, 19.11.2018

УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы шешуші матчтар өтеді. Топтық кезеңнің ең соңғы кездесуінде жерлестеріміз сырт алаңда гүржі футболшыларына қарсы ойнайды.

Қазір Станимир Стойлов бастаған жігіттер Тбилисиде соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ең қызығы - жасыл алаңға шығатындар тізімінде Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Ненад Эрич сияқты белді ойыншыларымыз жоқ. 

Бұл Тбилисидегі Борис Пайчадзе атындағы стадион. Өзінің терең тарихымен және атақты шәкірттерімен танымал. Қазір бұнда Станимир Стойлов баптайтын ұлттық құрама соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бас бапкер бұл жолы тәжірибесі аз футболшыларды ойынға қосуды жөн көріпті. Өйткені, алдағы матч жалпы нәтижеге әсер ете алмайды. Қандай есеп тіркелсе де топтан біріннші тұрған Грузия ғана шығады. 

Станимир Стоилов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Грузия құрамасын топтық кезеңдегі жеңісімен құттықтағым келеді. Бірақ бұл алдағы матч тартыссыз өтеді дегенді білдірмейді. Біз соңына дейін жақсы ойын көрсетуді көздеп отырмыз. Әсіресе жаңадан қосылған футболшылар барын салады деген ойдамын.

Грузия футболшылары да топтық кезеңнің соңғы матчында жеңіске жетіп, жергілікті жанкүйерлерге қуаныш сыйлауды жоспарлап отыр. Құрамада жарақат алғандар бар. Бірақ бұл ойын тактикасын өзгертуге еш әсер етпепті.

Владимир Вайс, Грузия құрамасының бас бапкері:

- Қызықты матч болады деп ойлаймын. Өйткені Қазақстан осы топтың фавориті саналды. Бірақ, біз тапсырманы уақытынан бұрын орындап, көш басына шығып алдық. Енді алдағы ойында тағы 3 ұпай алғымыз келеді.

Грузия-Қазақстан матчында ине шаншыр жер болмайды деп күтіліп отыр. Өйткені билеттерге сұраныс жоғары. Оның үстіне ұйымдастырушылар арнайы акция жасап, билетті 1 лариден сатып жатыр. Бұл шамамен 1 жарым доллар. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Асқат Жақаев, Серік Қоңырбаев

Хабар 24 телеарнасы