384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал. Чемпиондар лигасының финалы Алматыда өтуі мүмкін

  • 890
  • UPD: 17:22, 20.11.2018
Футзал. Чемпиондар лигасының финалы Алматыда өтуі мүмкін Prosports.kz.

«Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының төрттік финалын Алматыда өткізуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропаның басты футбол қауымдастығы төрттік финалда қайда өткізетіні туралы шешімді 3 желтоқсан күні атқарушы комитеттің жиналысында қабылдайды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының Элиталы кезеңінде барлық қарсыласын жеңген «Қайрат» футзал клубы Төрттік финалға жолдама алған. Ақтық кезеңде алматылық командадан бөлек испаниялық «Барселона» мен «Интер» (Мадрид) және португалиялық «Спортинг» (Лиссабон) клубтары өнер көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы