388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана-2004» – Тәжікстандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы

  • 352
  • UPD: 22:44, 21.11.2018
«Астана-2004» – Тәжікстандағы халықаралық турнирдің жеңімпазы Sports.kz

Тәжікстанда 2004 жылы туған жасөспірімдер командалары арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

«Астана» командасы аталмыш турнир аясында тәжікстандық командаларға қарсы ойнап, сенімді нәтиже көрсетті. Турнирдің соңғы кездесуінде Александр Лисин шәкірттері «Гүлістан» командасына қарсы ойнап, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде Бекзат Дүйсембай мен Андрей Березуцкий дубль авторы атанса, Ербол Ербекей, Мағжан Жұмабаев және Алдияр Ұрымбаев еншілеріне бір голдан жазды. Осылайша, астаналықтар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанып, елорда командасының шабуылшысы Бекзат Дүйсембай турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Хабар 24 телеарнасы