383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UEFA Чемпиондар лигасы: тартысты ойындар күтіп тұр

  • 851
  • UPD: 23:51, 27.11.2018
UEFA Чемпиондар лигасы: тартысты ойындар күтіп тұр

Қазақстан премьер-лигасының футболшылары әлемдегі таңдаулы 25 елдің қатарына енді.

Әрине, ойындарымен емес, алатын жалақыларымен. Осы салада зерттеу жүргізген халықаралық компания біздің елдегі футболшылар жылына 148 мың доллар табыс табатынын мәлімдеді. Яғни бір жылдағы орташа кіріс 55 миллион теңгеге жуық. 

Жалақының көлеміне қатысты рейтингте Қазақстан әлемнің күміс жүлдегері Хорватияны да артқа тастады.

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші тур ойындары өтеді. Бұл турда плей-офф мәселесі шешіледі. Тартысты ойынның бірі «Ювентус» пен «Валенсия» арасында болады. Испаниялық клубқа плей-оффқа шығу үшін тек жеңіс қажет. Қазір бұл топта Турин командасы 9 ұпаймен алда келеді. 7 ұпайы бар «Манчестер Юнайтед» екінші тұр. «Валенсияда» бес ұпай бар.

Жас паратаэквондошылар біліктілігі тексерілді

Еліміздің жас паратаэквондошылары арнайы аттестациядан өтіп, деңгейді анықтайын белдіктер алды. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі балалар арасында алғаш рет өтті. Астанадағы паралимпиадалық жаттығу орталығында қазір 20-дан аса бүлдіршін спорттың осы түрімен айналысады. Олардың бесеуі барлық талапты мүлтіксіз орындап, сары белдік тағынды. Енді бас бапкер Мирас Төлебаев басқа шәкірттерін де осындай деңгейге жеткізіп, арнайы жарыстарға қатысуға мүмкіндік алсақ дейді.

Асан Тұрлыбаев, Паралимпиадалық жаттығу орталығының директоры:

- Бүгінгі шара осындай арнайы балаларға арналған. Олар осында аптасына 3 рет жаттығады. Оларға бүгін арнайы уақыт, көңіл бөліп, арнайы сертификаттар беріп, осындай жақсы мереке ұйымдастырып отырмыз.

Біріккен спорттық қауымдастық құрылды

Еліміздегі олимпиадалық емес спорт түрлері бір қауымдастықтың астына бірікті. Жауынгерлік өнер қауымдастығы атты ұйым каратэ, грэпплинг, муайтай сияқты жекпе-жек түрлерін біріктіреді. Бас-аяғы 20-дан аса федерацияның басшысы Астанада бас қосып, бірқатар маңызды шешім қабылдады. Жаңа қауымдастыққа басшы болып Кәрім Мәсімов тағайындалды. Жауынгерлік өнер қауымдастығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға үлес қосуы керек. Сондай-ақ осы саладағы кикілжіңдерге нүкте қояды деген үміт бар.

Хабар 24 телеарнасы