384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси Роналдудан асып түсіп, Чемпиондар лигасының рекордсмені атанды

  • 434
  • UPD: 15:04, 29.11.2018
Месси Роналдудан асып түсіп, Чемпиондар лигасының рекордсмені атанды © Mundo Deportivo

«Барселона» плей-офф кезеңіне өтті.

Каталониялық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде голландиялық ПСВ-мен ойында гол салды (2.1).

Бұл 31 жастағы аргентиналықтың Чемпиондар лигасындағы 106-шы голы. Барлық добын ол каталониялық команда үшін салған.

Осылайша, Месси португалиялық Криштиану Роналдудан гол санынан асып, бұл турнирде бір команда үшін салған голдар бойынша рекордсмен атанды.

Сонымен қатар, ПСВ қақпасына гол Месси үшін Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі 66 матчтағы 66-шы болды. Осылайша, ол осы турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Хабар 24 телеарнасы