387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін

  • 670
Қазақстандық боксшы Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін Vesti.kz

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев Golden Boy Promotions атынан чемпиондық жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Оның сөзінше, Eye of Tiger Managment промоутерлік компаниясы Golden Boy Promotions-пен АҚШ-та Жүкембаевтың чемпиондық жекпе-жегін өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізеті хабарланды. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Осыдан кейін Жүкембаев ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтаспақ.

Хабар 24 телеарнасы