389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: Қазақстан іріктеу кезеңін өз алаңында бастайды

  • 1117
  • UPD: 14:43, 03.12.2018
Еуро-2020: Қазақстан іріктеу кезеңін өз алаңында бастайды inform.kz

УЕФА футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің ойын күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әрбір топтан бірінші және екінші орын алған құрамалар Еуропа біріншілігі финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.

Ойын күнтізбесіне сәйкес Қазақстан іріктеу кезеңін өз алаңында бастайтын болды. Біздің құрама 21 қарашада Шотландия құрамасымен кездеседі. Бұл іріктеу кезеңіндегі ең алғашқы ойын болып табылады.

Қазақстан құрамасының ойындар күнтізбесі:

21 наурыз: Қазақстан - Шотландия

24 наурыз: Қазақстан - Ресей

8 маусым: Бельгия - Қазақстан

11 маусым: Қазақстан - Сан-Марино

6 қыркүйек: Кипр - Қазақстан

9 қыркүйек: Ресей - Казақстан

10 қазан: Казақстан - Кипр

13 қазан: Казақстан - Бельгия

16 қараша: Сан-Марино - Қазақстан

19 қараша: Шотландия - Қазақстан.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты тұңғыш рет 13 мемлекеттің қалаларында өтеді. Олардың қатарында Санкт-Петербург (Ресей), Лондон (Англия), Мюнхен (Германия), Баку (Әзербайжан), Рим (Италия), Копенгаген (Дания), Бухарест (Румыния), Амстердам (Голландия), Дублин (Ирландия), Бильбао (Испания), Будапешт (Венгрия), Брюссель (Бельгия) және Глазго (Шотландия) қалалары бар.

Хабар 24 телеарнасы