384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» өз айдынында «Металлургтен» басым түсті

  • 301
  • UPD: 21:34, 03.12.2018
«Барыс» өз айдынында «Металлургтен» басым түсті Prosports.kz

Астаналық «Барыс» Магнитагорскінің «Металлургінен» айласын асырды.

Осылайша Құрлықаралық хоккей лигасы аясында өткен кездесу 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Алғашқы шайба ойынның екінші кезеңінде соғылды. Қонақтардың қақпасынан Павел Акользин саңлау тауып, жанкүйерлерін бір серпілтті. Екінші шайбаны Мэтью Фрэттин салып, айдын иелерінің ұпайын еселеді. Үшінші кезеңнің алғашқы бөлігінде Никита Михайлис соққан шайба қонақтар қақпасына дарып, есеп 3:0-ге жетті. Осыдан кейін ес жиған «Металлург» жігіттері екі шайба соққанымен, есепті теңестіріп, овертаймға жеткізе алмады. Енді «Барыстың» келесі кездесуі 6 желтоқсанда өтеді. Ол кезде елордалық команда өз айдынында Челябінің «Тракторын» қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы