384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ұлттық құрамалардың бас бапкерлерінің жалақысы артады

  • 858
  • UPD: 23:56, 04.12.2018
Елімізде ұлттық құрамалардың бас бапкерлерінің жалақысы артады

2019 жылы еліміздің ұлттық құрамаларына жетекшілік ететін бас бапкерлердің жалақысы артады.

Енді олар жаңа жылдан бастап 300 мыңнан 450 мың теңгеге дейін айлық алады. Осыған дейін жаттықтырушыларға 180 мың теңге көлемінде жалақы төленіп келген. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясында айтылды. Еңбекақы спорт түрінің санатына қарай тағайындалады. Мәселен, А категориясына спортшылар жоғары нәтиже көрсететін күрес, бокс, ауыр атлетика сияқты спорт түрлері жатады. Сәйкесінше осы ұлттық құрамаларды баптайтын бапкерлер ең жоғары жалақыға ие болады. Сондай-ақ штаттық негізде жұмыс істейтін жаттықтырушылар мен спортшылардың, сондай-ақ команда жетекшілерінің де айлығы 20 процентке өседі. 

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры: 

- Өте дұрыс деп санаймын. Неге десеңіздер бас жаттықтырушылар семьясын көрмейді. Жыл бойы спортшылардың артынан жүреді. Кейде шетелдік жаттықтырушылардың жалақысын үлкен қылып береміз де, Қазақстандағы жаттықтырушыларға көңіл бөлмейміз. Сондықтан тиімді, жақсы шешім деп қабылдаймын.

Хабар 24 телеарнасы