386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шөген ойыны туралы не білеміз?

  • 1029
  • UPD: 23:37, 11.12.2018

Америкада «поло» деп аталатын ат спорты ойынының түп тамыры түркіден тараған.

Қарағанды облысындағы ауылдық музей бұл ақпаратты дәлелдейтін артефактілерге қол жеткізіп отыр. Өткен ғасырдың 50 жылдары қазақ балаларының арасында кеңінен тараған шөген ойыны бүгінде елімізде кең қанат жайып келеді. 

Шөген добының түпнұсқасы Қарағанды облысының Жезді кентіндегі музейде тұр. Оны кезінде сол ауданда тұрған Мырзахан Сақалов есімді қария мұражайға әкеліп тапсырған. «Аты-жөні беймәлім қытай суретшісінің XV ғасырдағы туындысы да бұл ойынның ата бабамызға қатысы бар екенін дәлелдейді», – дейді мамандар.Бүгіндері музей қабырғасында ілініп тұрған бұл суретте ат спорты ойынымен айналысып жатқан жан бейнеленген.

Зейпін Қазанбаева, музей директоры:

– Түрік заманынан бұрын да бұл ойын ат ойындарының бірі ретінде келген. Жалпы ақсақалдың әңгімесіне қарасақ, ол 13-14 жасында тайға мініп, жалпы атқа мінуді үйренсе, ол 19-20-да соқталдай епті жауынгер болған.

Қазақ даласында атқа мінудің ерте кезден қалыптасқанының бір көрінісі - осы түркі заманынан жеткен шөген ойыны. Бүгінде бұл ұлттық ойын түрі жақсы насихатталып жүр. Қазір Жамбыл облысында шөгеншілер командасы бар. 2015 жылы құрылған команда осы уақыт аралығында шетелдерде полодан өткен халықаралық турнирлерге қатысып, жақсы нәтиже көрсетті

Нұрдәулет Момынов, қоманда жетекшісі:

– «Сендердің атқа отыру мәнерлерің өте күшті екен, сендерге бұл ойын түкке де тұрмайды, үйреніп алыңдар», – деп аргентиналық маман пікір білдірген. Бұл спорт ұмытылып кеткен. Негізі мұның түбін, тарихын зерттеп келсек, түркілерден шыққан. Лондон қаласында дүниежүзілік федерацияның президентінің өзі айтты.

Қазақстанда Поло федерациясы 2012 жылы құрылған. Араға төрт жыл салып, халақыралық деңгейге жеткен. Бүгінде федерацияның филиалдары республиканың алты аймағында бар. Атап айтсақ, Қарағанды, Түркістан облысы, Жамбыл, Ақмола мен Алматы және Астана қаласында. Қазақстандық командалар түрлі халықаралық турнирлерге қатысып үздіктердің қатарынан көрініп жүр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы