387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің каратешілері әлем чемпионатында топ жарды

  • 796
  • UPD: 22:37, 13.12.2018

Қазақстандық киокушин шеберлері ересектер мен жасөспірімдер арасында да әлемнің үздік үштігіне кіретінін дәлелдеді.

Биылғы дүниежүзілік дода Болгарияда өтті. Оған 32 елден 700-ден аса спортшы қатысты. Құрамында 83 спортшысы бар Қазақстан командасы 37 медаль еншіледі. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 18 күміс және 16 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпы есепте Ресей мен Жапонияны алға жіберіп, үшінші орынға жайғасты. Бұған дейін киокушинкай-кан каратэ федерациясының жасөспірімдері мұндай жетістікке жеткен емес.

Азамат Имашев, жаттықтырушы:

- Біздің жетістіктеріміз жаман емес өткен чемпионаттарымен салыстырғанда. Қазақстан атынан шыққан 83 баланың 22-сі финалға шықты. Ол жасқы нәтиже. 3 финал қазақ балаларының арасында өтті. 3-еуі жеңіске жетті, 3-еуі екінші орын алды.

Түркістанда қазақ күресінен «Тайқазан» республикалық турнирі басталды

Түркістанда қазақ күресінен жастар арасында «Тайқазан» республикалық турнирі басталды. Спорт шебері, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерқанат Тәңірбергеновті еске алуға арналған жарысқа еліміздің барлық аймағынан 200-ге тарта балуан жиналды. Сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар алты салмақ бойынша 10 мың АҚШ долларын сарапқа салады. Жастар арасындағы боз кілем бәсекесі 14 желтоқсан 14 күні аяқталады. 

Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы:

- Жарыс биыл ерекше боп жатыр. Командалық жарыс бар. Біздің әрбір өңірде осындай Ерқанат сияқты бауырларымыз, мықты батырларымыз бар, солардың атынан әр өңірде жарыс өткізсек, балаларымыз шынығып, біздің қазақша күрестің беделі өседі. Балалар қай кезде мықты болады? Азаннан кешке дейін жүгіргенде емес, осындай турнирлерге қатысу арқылы мықты болады. 

Астанада әуесқой боксшылар шаршы алаңға шықты

Бұрын қапталда отырып, қиқу салатын жанкүйерлер енді былғары қолғап киіп, нағыз сайыстың қандай болатынын сезінді. «Астана арланс» кәсіби спорт клубы ұйымдастырған жарысқа еліміздің әр аймағынан 103 әуесқой спортшы жиналды. Олар жеті салмақ бойынша кім мықтыны анықтайды. Бүгін іріктеу жекпе-жектері басталды. Жеңімпаздар жексенбі күні белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы