387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның спорт жұлдызы Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 499
  • UPD: 15:17, 14.12.2018

Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанды және оның халқын әлемдік деңгейдегі әйгілі тұлғалар құттықтауын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық деңгейдегі гроссмейстер, шахматтан 2013 жылғы Еуропа чемпионы әрі спорттың осы түрі бойынша Украина ұлттық құрамасының мүшесі Александр Моисеенко тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мықты шахмат мектебін қалыптастыра алды дегенді айтады. Әсіресе әлем чемпионатының жүлдегері атанған Жансая Әбдімәліктің шеберлігіне әлем елдері тәнті. Моисеенко «Қазақстанның спорт саласындағы беделі арта берсін!» деген ақ тілегін жолдайды.

Александр Моисеенко, Халықаралық гроссмейстер, шахмат бойынша ұлттық құрамасының ойыншысы:

- Үнемі жоғары санаттағы ойындарға қатысып жүргендіктен, Қазақстанның шахматтан танымал болған ұл-қыздарын жиі кездестіремін. Әрине, әлем кубогы кезінде Жансая Әбдімәліктің тамаша ойыны баршаны таңқалдырғаны рас. Динара Сәдуақасованың да шеберлігі өз алдына. Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанға спорт саласындағы жеңістерін еселей берсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы