389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас боксшы әлемдік рейтингте 17 саты жоғарылады

  • 1005
  • UPD: 12:36, 16.12.2018
Қазақстандық жас боксшы әлемдік рейтингте 17 саты жоғарылады inform.kz

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, танымал Boxrec.com сайтындағы рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Эдмонтондағы (Канада) бокс кеші аясында Ахмедов бірінші раундта мексикалық Элиуд Мелендес Рочуді (14-11-2, 7 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Садриддиннің BoxRec рейтингінде 17 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді - енді ол өз дивизионында 162-орынды иеленді. Бірінші орта салмақта оның отандасы Мадияр Ашкеев (10-0, 6 КО; 107-орын) пен Нұрсұлтан Жанғабаев (5-0, 4 КО; 138-орын) Ахмедовтен жоғары орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы