389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

  • 526
  • UPD: 14:27, 18.12.2018
Футболдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды soccer.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен салтанатты шарада 1/8 финалда кездесетін командалар белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Манчестер Юнайтед» – ПСЖ, «Ливерпуль» – «Бавария», «Атлетико Мадрид» пен «Ювентус» клубтары арасындағы ойындар тартысты болары сөзсіз. 1/8 финалда кездесетін командалар:

«Шальке» (Германия) – «Манчестер Сити» (Англия)

«Атлетико» (Испания) – «Ювентус» (Италия)

«Манчестер Юнайтед» (Англия) – ПСЖ (Франция)

«Тоттенхэм» (Англия) – «Боруссия» (Германия)

«Лион» (Франция) – «Барселона» (Испания)

«Рома» (Италия) – «Порту» (Португалия)

«Аякс» (Нидерланд) – «Реал Мадрид» (Испания)

«Ливерпуль» (Англия) – «Бавария» (Германия)

Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындары 12/13 және 19/20 ақпанда, қарымта ойындар 5/6 және 12/13 наурызда өтеді.

Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы