378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джермалл Чарло Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

  • 249
  • UPD: 15:27, 18.12.2018
Джермалл Чарло Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

22 желтоқсанда WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион, Америка боксшысы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) ресейлік Матвей Коробовпен (28-1, 14 КО) кездеседі.

Еске сала кетейік, Чарло Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы кіші Вилли Монромен жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ соңғысы допинг тесттен өте алмады. Жекпе-жектің өтуіне бір апта қалғанда оның орнына бұл сәтті өмір бойы күткенін айтқан Матвей Коробов келді.

«Альварес қорқады. Қайдасың? Сені жекпе-жекке қашаннан бері шақырып келеміз, көрінетін уақыт болды ғой. Жұрт ағайынды Чарлолардың әлемдегі үздіктермен қалай жұдырықтасатынын көргісі келеді. Біз өзімізді сондай санаймыз. Камон, мэн. Де Ла Хойяның артына жасырынба», - деді Альвареске арнаған сөзінде американдық боксшы.

Чарлоның айтуынша, Головкин қартая бастаған, ал дивизионның жаңа көшбасшысы Канело болғанда, ол әуелі мексикалық боксшының сазайын тартқызуға, ал кейін Геннадиймен де тура солай етуге дайын.

Sportinform

Хабар 24 телеарнасы