378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ибрагим Ескендір елордаға жеңіспен оралды

  • 389
  • UPD: 23:24, 18.12.2018
Ибрагим Ескендір елордаға жеңіспен оралды

Елорда әуежайында соңғы жекпе-жегінен жеңіспен оралған кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендірді жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің денсаулық елшісі атанған спортшы Мәскеуде өткен додада чемпиондық белбеуді иеленген. Осыған орай ел намысын қорғап жүрген жерлесімізді туған-туыстары мен дос-жарандары құттықтауға арнайы келген. 10 раундқа есептелген сында чемпионымыз әзербайжандық Анар Абдуллаевты нокаутпен жығып, небәрі үш минутта жеңіске жеткен. Осылайша ел мақтанышы ауыр салмақта Pro Box нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулын қанжығасына байлады.

Ибрагим Ескендір, боксшы:

- Ең біріншіден, баршаңызға келіп, күтіп алып жатқандарыңызға үлкен рақмет. Бұл жеңісті мен шаршы алаңның ортасында тұрып, еліміздің, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арнадым. Өйткені қазақ үшін Тәуелсіздіктен асқан асыл ұғым жоқ және де осы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жұдырықтасқаннан кейін, жекпе-жекке шыққаннан кейін мен үшін ол бір ерекше рух берді. Елдің, халықтың үмітін ақтау керек деген сияқты. Қаншама біздің ағайын қолдап жатыр, тілектерін білдіріп жатыр. Сондықтан осындай сын сағатта Тәуелсіздік күні қарсаңында жекпе-жекке шыққан өзіме ерекше рух берді.

Хабар 24 телеарнасы